Өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына орай кәсіпкерлер форумы өткізілді

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына орай кәсіпкерлер форумы өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда аудан бойынша 23 заңды және 828 жеке тұлға бар екендігі, оларға 1687 адам жұмысқа тартылып отырғаны атап өтілді. Жалпы, шағын кәсіпкерлік саласында 715 ауыл шаруашылығы, 23 өнеркәсіп, 949 сауда орны қызмет етед. Жыл сайын бұлардың қатары көбейіп келеді. Үш жылда «Қазталов» ауыл шаруашылығы несие серіктестігі 11 шаруа қожалығына 20 миллионға жуық теңге берсе, басқалай қолдау да көрсетілуде.

Аудан әкімі Есентай Қалиев мұндай жұмыстардың биыл да, алдағы жылдары да жалғаса беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар