12:21, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Өңірде екінші деңгейдегі банктер берген несие көлемі 87,9 млрд. теңгені құрады
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейдегі банктер берген несие көлемі 87,9 млрд. теңгені құрады.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 24,0 пайызы сауда саласына берілсе, 8,5 пайызы - құрылыс, 5,9 пайызы - өнеркәсіп, 3,9 пайызы ауыл шаруашылығына бағытталған.
Тұрғындар депозиті 28 млрд. теңгеге жетсе, соның 52,9 пайызы теңгемен, қалғаны шетелдік валютамен салынған.