Өңірде еңбекақы бойынша берешек бір ай ішінде 16,8 млн.теңгеге азайды

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қызметкерлерді жаппай жұмыстан босату жағдайын болдырмау, еңбекақыларын уақтылы төлеу мәселелері үнемі назарда ұсталып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, осыған орай тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг қорытындыларына сәйкес өндірісін толықтай немесе ішінара тоқтатқан кәсіпорындардың саны бүгінгі таңда - 12. Соның салдарынан 467 қызметкер еңбекақы сақталмайтын мәжбүрлі демалыста, 310 адам толық емес жұмыс күнімен еңбек етсе, 54 адам өндірістің немесе жабдықтың тұруына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Жыл басынан бері 83 адам қысқартылған. Еңбекақы бойынша берешектері бар кәсіпорындар санының өсуі байқалуда. Атап айтқанда, 2009 жылғы наурыздың 1-іне мұндай кәсіпорындардың саны төртеу болса, қазіргі уақытта жетеуге жетіп отыр. Еңбекақы бойынша берешек 61,6 млн.теңгені құрайды. Бұл мәселелер әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның қатаң бақылауына алынған. Сәуір айында өткен комиссияның соңғы отырысында қызметкерлерінің алдында еңбекақы бойынша берешектері бар кәсіпорындардың басшылары тыңдалды, оларға бұл мәселені шешу жолдарын табу, ал тиісті мемлекеттік органдарға аталған жағдайды бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді. Нәтижесінде еңбекақы бойынша берешек бір ай ішінде 16,8 млн.теңгеге азайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум