Өңірде Интернет қызметін пайдаланушылар 68,0 пайызға өсіп отыр

ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да биылғы жеті айда электрлік байланыс кәсіпорындары 3260,6 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, өсім 6,6 пайызды құрады.
None
None

Пошта және курьерлік қызмет кәсіпорындары 144,5 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл 0,8 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірде Интернет қызметін пайдаланушылар күрт өсіп отыр. Бұл қызмет өткен жылғыдан 68,0 пайызға аспы түсіп, 685,9 млн. теңгеге жетті. Сондай-ақ дерек беру қызметі 30,5 пайызға артып, 11,5 млн. теңгені құрады.

Интернет жүйесі абоненттерінің саны 27,7 мың адамға жетті, бұл өткен жылғыдае 28,2 пайызға көп. Облыстың 10 мың тұрғынына есептегенде 446 бірліктен келеді.

Жеті айда негізгі телефондар саны 145,6 мыңға жетсе, соның 127,7 мыңы тұрғындар еншісінде.

Соңғы жаңалықтар