20:45, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Өңірде қолға алынған 23 инвестициялық жобаның 16-сы биыл аяқталмақ
ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазіргі кезде құны 131 млрд. 69 млн. теңге құрайтын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 16-сы жыл аяғына дейін бітпек. Бұлардың сегізі ? ірі, жетеуі - әлеуметтік маңызы бар жобалар.