Өңірде қылмыс жасаушылардың 73,2 пайызы жұмыссыздар болып отыр

ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да биылғы жеті айда 3016 қылмыс (өткен жылы осы мерзімде - 2695) тіркелсе, соның 947-сі әйелдерге, 173-і жасөспірімдерге қатысты жасалып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Тергелген қылмыстар бойынша келтірілген шығын 3413,9 млн. теңгені құраса, соның 81,6 пайызы - экономика саласындағы қылмыстар.

Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 2216 адамды анықтап, соның 1426-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың 11,5 пайызы әйелдер болса, 7,8 пайызы - жасөспірімдер. Облыс бойынша орта есеппен әр төртінші қылмыскер осындай жағдайға мас күйінде, әр үшіншісі топ құрамында барған. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі немесе 73,2 пайызы - жұмыссыздар.

Соңғы жаңалықтар