Өңірде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуші органдармен жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беруде

АҚТАУ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Өңірде өндірілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тендерде жеңіп алған мердігер компанияларға орналастыру мақсатында мемлекеттік сатып алулардың конкурстық рәсімдерін өткізуші мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
None
None
Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары А.Айтқұлов баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстанның келісімшарт корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылғы қаңтардың 26-28-нде «Қаражанбасмұнай», АҚ, «Толқынмұнайгаз» ЖШС, «Қазполмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС-де кездесулер өткізілді. «Қазақстанның келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның жер қойнауын пайдалану, және оларды өндірушілер бойынша операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімінде Маңғыстау облысының 65 кәсіпорны тіркелді», - дейді облыс әкімінің орынбасары. Отандық тауар өндірушілер ауқымын кеңейту мақсатында облыс әкімдігімен барлық кәсіпорындарға көрсетілген тізілімге компаниялардың тіркелуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жолданды. Мұнайгаз секторында қамтылған компаниялардан басқа облыс бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің неғұрлым ірі көлемдерін жүзеге асырушы 5 жүйе құраушы кәсіпорын анықталды. Сонымен қатар жергілікті шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алулар және өнімдер тұтынушы кәсіпорындар импорты туралы ақпарат жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар