Өңірде мемлекеттік тіл онкүндігі аясында «Тіл тағдыры - ел тағдыры» мәдени шарасы өткізілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысы әкімінің шешіміне орай мемлекеттік тіл онкүндігі аясында «Тіл тағдыры-ел тағдыры» мәдени іс-шара жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.
None
None

Мерекелік бағдарламаға сәйкес кітаптар көрмелері, жастар арасында көркемсөз оқу, театрландырылған қойылымдар ұйымдастыру, тақырыптық кештер шешімін табуда. Бұл ретте барлық білім ошақтарының жоғары сынып оқушылары арасында «Ана тілім - асыл қазынам» кештері, ал ұстаздардың қатысуымен «Үш тұғырлы тіл мәдени жобасын жүзеге асырудың алғашқы қадамдары» ғылыми конференция ұйымдастырылған. Мектеп қабырғасында «Тілі бірдің - тілегі бір» ашық сабақтары, мәдениет қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауы, ал мемлекеттік мекемелер қызметшілерінің атсалысуымен «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» байқауы қарастырылған. Сонымен бірге әрбір кітапханада кітаптар көрмелері, дөңгелек үстел басындағы кездесулер, пікірсайыстар көзделген.

Соңғы жаңалықтар