11:56, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Өңірде нұсқаушы-бақылаушылар үйлерді қайта аралап, тұрғындарды есепке алуда
ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында нұсқаушы-бақылаушылар үйлерді қайта аралап, тұрғындарды есепке алуда.
Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олар есепшілер барған кезде есік ашпаған немесе үйлерінде болмаған адамдарды тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс наурыздың 16-сына дейін созылмақ. Сондай-ақ тұрғындар телефон арқылы байланыса алады.
Халық санағының алғашқы қорытындылары биылғы екінші жартыжылдықта жарияланатын болады. Осы науқан барысында алынған деректер 2009-2010 жылдары өңделіп, халық санағының бірыңғай ақпараттық базасына енгізіледі.