20:15, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Өңірде шағын кәсіпкерлік нысандарында жұмыс жасайтындар саны 83 мыңнан асты
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 25632 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелсе, бұларда жұмыс жасайтындар саны 83870-ке жетіп, 8,2 пайызға көбейіп отыр.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның 1946-сы - заңды тұлғалар, 20080-і жеке кәсіпкерлер болса, 3606-сы - шаруа қожалықтары.
Желтоқсанның 1-іне дейінгі мәлімет бойынша өңірде 4221 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылғыдан 6,1 пайызға артық.
Шағын кәсіпкерлік нысандары биылғы он бір айда 89613 млн. теңгенің өнімін өндірді.