Өңірде «Тахограф» іс-шарасы өткізілуде

ОРАЛ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазан айында «Тахограф» республикалық іс-шарасы өткізілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының Орал қаласындағы филиалы ұйытқы болып отыр. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Жайдар Сайыновтың мәлімдеуінше, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2004 жылғы қаңтардың 19-ындағы бұйрығына сәйкес жолаушыларды, багаж бен жүктерді халықаралық тасымалдауды және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын көліктер тахографпен жабдықталуы тиіс. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, жол апаттарының 20 пайызы халықаралық бағыттарда және ауыр жүк көліктерінің қатысуымен орын алады екен. Сондай-ақ қалааралық, облысаралық бағыттарға жолаушылар және жүк тасымалдарын жүзеге асыратын, мамандандырылған автомобильдер де аталмыш бақылау жабдығын орнатуға міндетті. Акция барысында тахографы жоқ көлікті айдап жүрген және оны тексеруден өткізуді ұмытып кеткен жүргізушілер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар