Өңірде «Жол картасына» сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда

ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да «Жол картасына» сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда.
None
None

Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айсұлу Мұқатаеваның айтуынша, аудан орталығы Федоров ауылындағы саябақты көркейту жобасына облыстық бюджеттен 33873,0 мың теңге бөлінген болатын. Саябақты қоршау, абаттандыру, ағаш отырғызу, алаңды тақтатаспен көмкеру, жиектастарды қондыру жұмыстарын «Ремстройбыт» ЖШС сапалы атқарып шықты. Осы жоба бойынша 80 адамға жұмыс табылды.

Жұмыссыздарды кәсіби оқыту да назарда. Мәселен, Подстепный ауылындағы кәсіптік лицейге 40 жұмыссыз жолданды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3892,0 мың теңге қаралды. Сондай-ақ 120 әлеуметтік жұмыс орнын ашуға республикалық бюджеттен 14,4 млн. теңге бөлінсе, осы бағытта 25 келісім-шарт жасалды. Жоғары оқу орындарының 52 түлегі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында өндіріс орындарына жолданды. Бұған қатысты 33 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды.

«Жол картасы» жұмыссыздар қатарын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасы мен «Жол картасы» аясында биыл 321 адам өз орнын тапты. Бүгінде ауданда 228 жұмыссыз тіркелген, жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайыз, өткен жылы осы мезгілде бұл көрсеткіштер сәйкесінше 260 адам және 1,1 пайыз болған еді.

Соңғы жаңалықтар