Өңірде «Жол картасына» сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне қарағанда, биыл мұнда 146 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Аудандық мәдениет үйінің кәріз жүйесі мен спорт залын жөндеуге байқау жарияланып, оның жеңімпазы болып танылған «Эксперимент» ЖШС дайындық жұмысын қолға алған. Сондай-ақ биыл Аманкелді орта мектебін «КМТ Сити-құрылыс» ЖШС күрделі жөндеуден өткізетін болады. Мереке ауылында су құбырын жөндеу қолға алынбақшы. Ауданда 11662,0 мың теңгеге 130 әлеуметтік жұмыс орнын ашу көзделсе, осының 968 мың теңгесіне 26 шаруашылық нысанымен келісімшарт жасалып, 165 адам жұмысқа тартылған. Сол секілді 44 адам жастар тәжірибесінен өтіп, бұған 3958,0 мың теңге жұмсалмақшы. Бүгінгі таңда 26 жас маманға жолдама беріліп отыр. Мұндай жұмыстар өзге аудандарда да тындырылуда.
Соңғы жаңалықтар