Өңірде «Жол картасына» сәйкес жұмыстар жалғасуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімнің сөзіне қарағанда, аталмыш бағдарламаға сәйкес әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу жұмыстарына 119 адам жұмылдырылды. Әлеуметтік топ өкілдеріне жататын 120 адам алты ай мерзімге жұмысқа тартылып, оларға 14,4 млн. теңге жұмсалды. 23 адам кәсіби оқуға, 44 адам біліктілігін арттыру және кәсіби мамандық алуға жолданды. 124 жаңа жұмыс орыны ашылды. 255 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында жоспардағы 50 жас маманның орнына 64 жас маман 46 мекемеге жұмысқа орналастырылды. Оған қосымша алты шаруа қожалығы, төрт жеке кәсіпкер, екі ЖШС -мен келісімшарт жасалып, 56 адамға жұмыс берілді.
"Жол картасының" арқасында Талдыбұлақ орта мектебіне 80 млн. теңгеге, Бұлдырты орта мектебіне жергілікті бюджеттен бөлінген дәл осы көлемдегі қаржыға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұлдыртыдан балабақша ашу үшін ескі ғимаратты күрделі жөндеуге 35 млн. 850 мың теңге қаржы бөлінді.
2009 жылы "Жол картасы" шеңберінде Тоғанас ауылына кіреберіс 12 шақырым жолдың алты шақырымы ағымдағы жөндеуден өткізілген болатын. Биыл жолдың қалған бөлігін жөндеу аяқталмақ. Жөндеу жұмыстарын "Тагра" ЖШС атқаруда.