09:58, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Өңірде жоспарланған мал азығының 81 пайыздан астамы дайындалды
ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 987,6 мың тонна мал азығы дайындалуы керек болса, қазірдің өзінде 800,43 мың тонна әзірленді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, егер өткен жылы осы уақытта мал азығының 55,6 пайызы дайындалса, биыл 81 пайыздан асып отыр. Әсіресе, Тасқала ауданы пішеншілері жоспарды 102 пайызға орындап, алда келеді. Сондай-ақ бұл көрсеткіш Жәнібекте - 93,3, Қазталовта - 91,8, Сырымда - 86, Зеленовта 82,5 пайыз. Өңірде әр гектардан 3,8 центнерден өнім жиналса, Зеленовта 6 центнерге жетті.