18:28, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Өңірде жұмыссыздар саны 19,6 пайызға азайды
ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тамыздың 1-іне дейінгі есеп бойынша 2353 жұмыссыз тіркелген, бұл өткен жылғыдан 19,6 пайызға аз.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, ауылдық жердегі жұмыссыздар саны да (1516) 15,6 пайызға қысқарған. Жұмыссыздардың 64,8 пайызы - әйелдер. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жұмыссыз әйелдер саны да 19,9 пайызға кеміп отыр.
Жыл басынан бері 13152 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірсе, 842 адам кәсіби біліктілігін көтеруге жіберілген. Ал 4776 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.