Өңірде жұмыссыздар саны 32,2 пайызға төмендеді

ОРАЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жұмыспен қамту органдарында есепке тұрған жұмыссыздар саны 2187 адамды құрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғы желтоқсанның 1-індегі көрсеткішпен салыстырғанда, 32,2 пайызға төмен. Ауылдық жерде 1684 жұмыссыз тіркелсе, олардың саны 24,8 пайызға азайды. Жұмыссыздардың 63,2 пайызы - әйелдер (1383 жұмыссыз әйелдің 1016-сы ауылда тұрады). Бұлардың қатары өткен жылғыдан 35,5 пайызға немесе 760 адамға қысқарды.

Биылғы он бір айда 23145 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірген, бұл өткен жылғымен салыстырғанда - 155,6 пайыз. 2097 адам (154,0 пайыз) кәсіби біліктілігін көтеруге жіберілсе, 8076 адам (109,4 пайыз) қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Соңғы жаңалықтар