Өңірлер арасында әлеуметтік теңсіздік әлі сақталып келеді - Х. Валиев

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Өңірлер арасында әлеуметтік теңсіздік әлі сақталып келеді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Хусаин Валиев осылай мәлім етті.
None
None

Сөз арасында сенатор 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қбылданғаны, ал құжатты талқылау барысында өңірлердегі әлеуметтiк жағдайларды теңестiруге бағытталған үрдіс байқалғанын айтты.

«Алайда, олардың арасындағы теңсіздік әлі де көрініп тұр. Мәселен, өңірлерде халықтың жан басына шаққандағы табыс деңгейлерінің айырмашылығы 2011 жылы 3,5 есеге барды. Бұл ретте қала және ауыл тұрғындары табыстарының арасындағы айырмашылық 2,5 есені құрады. Банктердiң депозиттерінде шамамен 4,8 трлн. теңге сақталған болса, олардың  80 пайыздан астамы екi қала мен үш облыстың еншісіне тиеді. Осының өзі теңсіздіктің көрсеткiшi болып табылады», - деді Х. Валиев.

Осыған орай, сенатор Үкiметтің назарын бірқатар ұсыныстарға аударады.

«Бiрiншiден, республикалық бюджеттi қалыптастыру шеңберiнде оның басты қағидаты, негiзгi өлшемдері мен индикаторларын айқындай отырып стратегиялық жоспарлау туралы заңның жобасын әзірлеген орынды. Екiншiден, бюджеттi жыл бойы өзгертпеу орынды. Әлемде мынадай тәжірибе бар: Үкiмет Парламентке жылына екi рет: бірінші рет - бюджеттi бекiтуге, ал одан кейін оның орындалуы туралы есеппен келеді. Үшіншіден, әлеуметтiк жаңғырту әлеуметтiк әдiлдікті көздейді, сондықтан бюджеттi қалыптастыру өлшемдердің бірі ретінде өңірлердегі тұрғындардың саны мен табиғи-климаттық жағдайларды ескере алған жөн. Төртіншіден, энергетикалық өнiмді сатып алу бойынша мемлекет атынан бiрыңғай оператор болу мәселесін пысықтаған орынды. Кейіннен ел тұрғындарына оны орташа бағамен өткізуге жағдай жасауға болады. Менің ойымша, осының барлығы, халық үшін - жоғары дәрежеде әлеуметтiк әдiлдікті, ал бюджет үшін - елдегi қаржы саясатының ашықтығын, жылдамдығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етедi», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар