Өңірлік және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қолдау қажет - Елбасы

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін елордада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» IV Астаналық экономикалық форумы барысында айтты.
Өз сөзінде Дүниежүзілік банктің жыл басынан бергі аралықта азық-түлік бағасы 36 пайызға өскендігі турасындағы мәліметіне сүйенген Мемлекет басшысының атап өтуінше, нәтижесінде табысы төмен және азық-түлік қат болып отырған елдер саны арта түскен.
«Қорытындысында өткен жылдың маусымында кедейшілікте өмір сүретін адамдардың саны 44 миллионнан асты. Бұл сан азық-түлік тауарлары бағасының өсуімен арта түсетін болады», - деді Елбасы.
Сондай-ақ Н.Назарбаев өңірлік және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қолдау үшін елдер арасындағы үйлестірілген, келісілген іс-әрекеттер жүргізу маңызды екендігін баса айтты.