13:09, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Online сарапшы - 2011» байқауы Ғаламтордың үздік сарапшыларын анықтады
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, Алматы қаласында алғаш рет «Online сарапшы - 2011» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.
«Интерконтиненталь» қонақ үйінде өтетін салтанатты іс-шара барысында Жаһандық желінің үздік сарапшылары марапатталмақ.
Медиа стандарттар институты мен Қазақстанның Интернет қауымдастығы тағайындаған «Online сарапшы - 2011» сыйлығы өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік танылған сарапшыларға табысталатын болады. Аталған сыйлық 15 аталым, оның ішінде экономика, құқық, медиа, PR және тағы басқа салалар бойынша тапсырылады. Осыдан бастап бұл іс-шараны жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр.