«Оңтүстік» ӘКК кадрларды ауылда орнықтырудың арнайы жобасын жасады

ЫМКЕНТ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауылда кадрларды тұрақтандырудың арнайы жобасын жасады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне корпорация мен ӘКК-нің бірқатар еншілес кәсіпорындарының басшылары айтты.

Бұған «Оңтүстік» ӘӘК ҰК» АҚ құрамына кіретін ауыл шаруашылығы бағытындағы тоғыз кәсіпорындағы жағдай себепші болды. Мәселен, бүгінде республика аграрлық секторының ірі кәсіпорындарының бірі - қой өсіруге және дәнді дақылдар өндірісіне маманданған «Мерке» асыл тұқымды зауыты» АҚ-да кадр тапшылығы қатты сезіліп тұр. «Жастар ауылға оралғысы келеді, ал агроөнеркәсіптік кешенді ұстап тұрған білікті кадрлар қартайып келеді. Өзіңіз ойлап қараңыз; асыл тұқымды зауыттың бухгалтері 62-ден асты, зоотехник - 65 жаста, менің өзім 57-ге келдім. Енді бес жылдан кейін жұмыс жасайтын адам қалмайды», - дейді зауыт президенті Дүйсехан Садыров. Білікті жас кадрлар жұмыс болғанмен де, ауыл өмірінде тұрмыстық жағдай түзелмесе, ешқандай күшпен әкеле алмайсың.

«Оңтүстік» ӘКК басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов та ауылда лайықты еңбекақы, барлық жағдайы бар жайлы пәтер, автомашина, балалары үшін заманауи мектеп болғанда ғана жастарды ауылға тартуға болады деп санайды. «Кадрлар әлеуетін ауылға оралту үшін біз әлеуметтік топтамасы бар арнайы жоба әзірледік», - дейді Қ.Айтуғанов.

Ауылда басты мәселе тұрғын үй болғандытан, «Оңтүстік» ӘКК «Мерке» асыл тұқымды зауытының жоғары білікті кадрлары үшін Жамбыл облысының Мерке ауданындағы Ақермен ауылдық округінің Кентай ауылында он коттедж салуға кірсті. 2010 жылы маусым айында пайдалануға берілетін әрбір коттедждің жалпы көлемі 970 шаршыметр болмақ. Бір шаршыметрдің құны мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 63,3 мың теңге тұрады.

Коттедждер бір және екі пәтерлік түрінде салынады, қасында 15 сотық жер учаскесі көзделген. Онда қосалқы шаруашылық ұстауға болады. Тұрғын кентінің қасында «Мерке» зауытының қалдықтарымен жұмыс істейтін биогаз қондырғы орнатылады. Әрбір отбасына көтермеақы төлеу де көзделіп отыр. Зауытқа іріктелетін кадрлардың жасы 50-ден аспауы, ерлі-зайыптылардың бірінің мамандығы ауыл шаруашылығы саласына қатысты болуы тиіс. Ал екіншісі - дәрігер, мұғалім, дәрігер болуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыруға корпорациямен қатар жергілікті атқару органдары, «Мерке» зауыты қатысады. Бұл шара ауылда кадрларды тұрақтандыру мәселесін шешеді, деп санайды корпорация өкілдері.

Соңғы жаңалықтар