«Оңтүстік» ӘКК шабындыққа жаңа техникаларды сайлап отыр

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Шаруа қожалықтарының басшыларына, шабындық өнімдерінің иелеріне арналған заманауи пішен шабу технологиялары бойынша семинар-тренинг Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бірліксай» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Семинарға қатысушылар облыстағы пішен шабудың барысын, атап айтқанда, Сарыағаш ауданында жүргізілетін жұмыстардың көлемі жайын талқылады. Ауданның шабындық алаңы 170 мың гектарды алып жатыр. Олардың 50 мың гектары «Бірліксай» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-ға тиесілі.«Оңтүстік» аймақтық аграрлық-өнеркәсіптік кешені» инвестициялық бағдарламасы аясында жиын-терін техникаларын сатып алу үшін қаражат бөлінді. Шөп ору, нығыздап-сұрыптау техникаларын сатып алуға 31 миллион теңге, айналымдағы қаражатқа ? жанар-жағар майлар, нығыздап-сұрыптауға арналған жіптер сатып алуға, дала қосындарындағы асханаларды ұйымдастыруға және т.б. ? тағы 16 миллион теңге бөлінді», ? деді «Бірліксай» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС бас директоры Қайрат Айбосынов."Оңтүстік" ӘКК үш облыста сервистік-дайындау орталықтарын құруда. Бұл бағдарламаның ауқымында үш оңтүстік облыста 36 осындай орталық құрылмақ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум