Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығын және инновацияны дамытуды мақсат етеді - ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов

КЕНТ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Жол картасы» аясында жалпы сомасы 25,7 млрд. теңге болатын 754 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл - ел аймақтары үшін ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, облыста индустриялық-иннова­ция­лық даму жұмыстары жүргізілуде, аймақты дамытудың бірінші кезекті іс-шаралар бағдарламасы әзірленді.
None
None

Осылар жөнінде толығырақ ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов әңгімелеп берді.

 - Асқар Исабекұлы, «Жол картасы» бойынша облыстың қандай жобалары бар және қандай істерді тындырдыңыздар?

 -  «Жол картасы» бағдарламасының 754 жобасын іске асыру үшін облыста 25,7 миллиард теңге көзделген. Олардың ішінде республикалық бюджет есебінен - 17,3 млрд. теңге, тағы 8,4 млрд. теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Қазанның біріндегі жағдай бойынша 20,4 млрд. теңгенің игерілгенін атаған жөн, 394 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы уақыт ішінде 38 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, 37 664 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 34 мыңнан астам адам еңбекпен қамту органдарының жолдамаларымен жұмыс істеуде. Қызметкерлердің орташа жалақысы 25 000 теңгені құрайды.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық аясында 324 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жерде біз аймақтағы ирригация жүйесіне үлкен көңіл бөлдік. Мысалы, 62 суландыру арналары жөнделді, осынаның нәтижесінде қосымша 44,6 мың гектар алқап айналымға қосылды. Бұл 22 мыңнан астам диқанның тұрақты жұмыстар алуына мүмкіндік береді.

 Мектептерді, ауруханаларды және әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада «Жол картасы» аясында 285 нысан қамтылған. Оларда 12 403 жұмыс орындары құрылған. Жөндеу жұмыстарына арналып 7 млрд. теңге бөлінді және қазіргі уақытта олардың барлығы іс жүзінде игерілді. Нәтижесінде оқу жылының басталуына дейін 189 білім беру нысанында - жөндеу, олардың 86-сында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сөз орайында айта кетейін, ағымдағы жылдың ерекшелігі - облыстағы барлық 1013 мектептің жөндеу жұмыстарымен жүз пайыздық қамтылуы болып табылады. 91 денсаулық сақтау нысанында жөндеу жұмыстары аяқталды. «Жол картасы» бағдарламасында жалпы сомасы 124,1 млн. теңге болатын төрт әлеуметтік-мәдени нысанды жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта жұмыстардың 90 пайызы орындалды. Ағымдағы жылғы қыркүйектің 1-інде біз 23 жаңа мектепті пайдалануға бергенімізді айта кеткен орынды.

 Шымкент, Кентау және Түркістан қалаларындағы тозығы жеткен жылу желілерін қайта жөндеу жүргізілуде. Биылғы жылы адам саны 320 000 болатын 187 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етілетін болады. Соңғы үш жылда алғаш рет «Жол картасы» бағдарламасы аясында 13 елді мекенде 50 000 тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады. Шымкентте 400 автобус аялдамалары, 625 қосымша контейнерлі алаңдар орнатылуда, 4 саябақ, Дендрарий бағы және Қошқарата өзенінің жағалауы абаттандырылатын болады.

 - Аймақ тұрғындары облыс жолдарындағы бұрын-соңды болмаған жұмыс ауқымын аңғарды, осы бағытта қандай жұмыстар жасалуда?

 - Жол жөндеу саласында біздерде 141 нысан іске асырылуда, оларда 8 805 жаңа жұмыс орындары құрылды. Қаржыландыру 7,5 млрд. теңгені құрады, бүгінгі күні қаражаттың 80 пайыздан астамы игерілді. Ағымдағы жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 919,8 шақырым, ал бюджет қаражаты есебінен - 1,5 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл өткен жылғы мөлшерден 3 есе көп. Сонымен қатар, жаңа трассалар салынуда. Мысалы, Шымкентте жол айырықтарын жақсарту үшін 4 жол құрылысы жүргізілуде. Аймақты Жамбыл облысымен жалғастыратын тағы бір жол салынуда. Орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен тек орталық жолдар ғана емес, екінші дәрежелі және аулаішілік көшелер де қамтылған.

 - Оңтүстік Қазақстан - негізінен аграрлық аймақ. Осы саланы дамытудағы жоспарларыңыз қандай? 

 - Біздер 2009-2011 жылдарға арналған облыстың даму бағдарламасын әзірледік. Онда бірінші кезекте, қаражат салу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тез және іс жүзіндегі әсер беретін бағыттар ескерілген. Бұл бірінші кезекте  - ауыл шаруашылығы. Бағдарламада егістік алқаптарды әртараптандыру және өнімді арттыру көзделген. Яғни суды, шығындарды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптарды қысқарту және оларды біздердің жағдайларымыз үшін барынша тиімді егін түрлерімен алмастыру. Биылғы жылы мол өнім жиналды. Астықтың түсімі өткен жылғы 295 000 тоннаға қарағанда 453 000 тоннаны құрады. Бақша дақылдары, жеміс-жидек, көкөніс, мал азығы бойынша өнімдер күткен көрсеткіштен асып түсті: көкөністер - өткен жылғы 420 000 тоннаға қарағанда 575 000 тонна, жеміс-жидектер 20 000 тоннаға қарағанда 31 000 тонна, жүзім - 10 000 тоннаға қарағанда 29 000 тонна, бақша дақылдары - 435 000 тоннаға қарағанда 507 000 тонна.

 Ұсақ фермерлер  5 гектарға дейінгі алқаптарда - егін егу тәртібін сақтамайды. Алдағы үш жылдағы міндеттердің ішінде - ұсақ шаруашылықтарды нығайту және тауарлық өндірісті құру бар. Бір мезгілде, заманауи агротехникалық тәсілдер - тамшылатып суару қолданылуда. Бағдарлама бойынша тамшылатып суаруды қолдану 1 000 гектардан 2 000 гектарға дейін арттыру жоспарланған болатын және бұл жоспарлар орындалды. Саяжай алаңдарын кеңейту бойынша жұмыстар да ойдағыдай жүргізілуде. Ол бүгінгі күні жыл басындағы 36 гектарға қарағанда 126 гектарды құрайды.

 Халықты жыл бойы көкөністермен қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы 15 646 тонна болатын 11 көкөністер сақтау қоймасын пайдалануға беруде мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

  Мал шаруашылығы бойынша биылғы жылы облыстың аудандары мен қалаларына 16 мал бордақылау алаңдарын және 4 тауарлы-сүт фермасын ұйымдастыру тапсырылды. Екі мал бордақылау алаңы пайдалануға енгізілді, тағы 16 жоба «Максимум» облыстық инвестициялық орталығының қарауына тапсырылды. Таяу арада 4 тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілетін болады: олардың бірі Ордабасы ауданында және қалған үшеуі Сайрам ауданында. Сонымен қатар, жоспарда 10 - ет өңдеу, 22 - сүт өңдеу және 8 жеміс-жидектерді өңдеу кәсіпорындары бар.

 - Облыста қандай индустриялық жобалар іске асырылуда?

 - Облыста ағымдағы жылғы қазанның 1-іне дейін жалпы сомасы 9 млрд. 327,2 млн. теңгенің инвестициялық жобалары енгізілді, 775 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жаңа жобалардың қатарында  Шымкенттегі «Мақта-мата жіптерін иіру өндірісін кеңейту» бар. Жобаның қуаттылығы - жылына 10 200 тонна мақта-мата жіптерін иіру.

 Ордабасы ауданында қуаттылығы тәулігіне 2 тонна ет бұйымдарын өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. Шымкентте аккумулятор батареяларын шығару жолға қойылған. Жобаның құны 3 млрд. 750 млн. теңге. Жылына 1,5 млн. дана стартерлік аккумуляторлар шығарылатын болады.

 «Атамекен» корпорациясы ірі өндірістік жобаны іске асырды. Бұл - тәулігіне 240 тонна ұн тартатын заманауи ұн шығаратын кешен. Қуаттылығы жылына 40 млн. дана кірпіш шығаратын жаңа кірпіш зауыты салынды.

 Арыста ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Мұнда «Азық-түлік корпорациясының» қолдауымен тамшылатып суару негізінде көкөністер мен жемістерді өсіру қолға алынған. Биылғы жылы өнім өсіру алқаптары мың гектарды құрады, олардың 700 гектарына қызанақ өсірілді. Жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 600 тонна қызанақ өңдеу зауыты іске қосылды. Жобаның жалпы құны - 1 млрд. 200 млн. теңге, 90 адам жұмыспен қамтылды. Сайрам ауданында қуаттылығы жылына 25 000 тонна бұйым шығаратын жаңа заманауи макарон фабрикасы іске қосылды.

 Жақын арада 2,3 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып тағы 8 инвестициялық жоба іске қосылатын болады. Бұлар - жағармай материалдарының; Түркістанда - тазартылған мақтадан медициналық, косметикалық және гигиеналық өнімдерінің; Кентауда жоғары кернеулі майлы трансформаторлардың; Шымкентте - керамикалық-граниттік тақталардың; Мақтааралда - сұрыптық мақта тұқымдыры материалдарының өндірісі. Сонымен қатар, мынадай үш: «Оңтүстік»арнайы экономикалық өңірінің аумағында жіп иіру, гигроскопты мақта, мақта целлюлозын және техникалық карбоксиметилцеллюлоздарын және даяр мата өндірісінің кәсіпорындары салынуда.

 - Индустриялық бесжылдықты іске асыруда облыс 2010 жылды немен бастамақшы?

 - Инновациялық жобалар облыстың индустрияландыру картасына сәйкес қалыптастырылады. 8,3 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып 10 инновациялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олар Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарауында жатыр. Екі жобаны - 2010 жылы, 4 жобаны - 2011 жылы, 1- жобаны 2012 жылы іске асыру көзделген. Алуан-түрлі салалар қамтылатын болады. Мысалы, 2010 жылдың күзінде қуаттылығы 10 000 тонна болатын түйетауық өсіретін және оның етін өңдейтін құс фабрикасы пайдалануға беріледі. Жаңа заманауи цемент зауыты іске қосылады. 2010 жылдың басында көлемі 6 мың тонналық жүн өңдеу зауытын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл облыстың бүгінгі күні өндіріп отырған барлық жүн өңдеу көлеміне тең және осылайша аймақтағы қой шаруашылығын қолдау мәселесі шешілетін болады. Тазартылған қорғасын, «Доре» балқымасын шығаратын «Алайғыр» полиметалл кен орынының базасында байыту фабрикасының құрылысы да осы санатқа жатады. Сонымен қатар, таблеткаларды, капсулдерді, дражелерді, инъекциялық ерітінділерді, қаналмастырғыштарды, антибиотиктерді шығару бойынша жаңа фармацевтикалық желілер құрылыстары салынады. Сырдария өзеніндегі Көксарай су тоспасы құрылысын толық аяқтау да 2011 жылға көзделген.

 «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу өндірісін жаңарту жобасын аяқтауы тиіс. «Оңтүстік» ӘКК қызметінің аясында фосфориттерді терең өңдеу және олардан ауыл шаруашылығына арналған минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорын салу жобаланып отыр. Электр энергиясын, жылуды және басқа да азық-түліктерді ала отырып қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу көзделуде.

 Сауда-логистикалық орталық құрылысының жоспарлары туралы да айта кеткен орынды. Ол аталған бағдарламалар аясында іске асырылатын барлық ауыл шаруашылығы жобаларын өзіне қамтитын болады.

 - Әңгімеңіз үшін рахмет!

Соңғы жаңалықтар