Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Халықтар бірлігі күнін айрықша атап өтуге атсалыспақ

ШЫМКЕНТ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қазақстанның әрбір азаматы, ұлты мен ұлысына қарамастан, біздің елімізде теңдей мүмкіндікке ие және олар Қазақстанды өздерінің нағыз Отаны деп санайды, дейді шымкенттік студенттер.
None
None

Жастар бұл туралы кеше, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің кіші Халықтар ассамблеясының кезекті отырысында сөз етті.

2003 жылы құрылған бұл орган бүгінде 35 ұлттың жастарының басын біріктіріп отыр. «Мен университеттің бірінші курсында оқимын, оқуға түсе салып студенттік Ассамблеяға мүше болдым. Себебі, бұл ұйымның мақсаты мен міндеті оң деп санаймын және оларды жүзеге асыруға атсалысқым келеді»,- дейді І курс студенті Светлана Ли.

Кеше Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында айтылған мәселелерді де талқылаған студент жастар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдірді. «Халықтар бірлігі күні біздің еліміз үшін - өте маңызды мереке. Елбасы айтқандай, енді ол мереке республикадағы негізгі атаулы күндердің бірі атанады. Біз, өз тарапымыздан, осынау бастамаға қолдау білдіреміз», дейді студент Фатима Байрамова.

Соңғы жаңалықтар