Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің өкімімен Түлкібас ауданының жаңа әкімі тағайындалды.
None
None

Ауданды 42 жастағы Қайрат Әбдуалиев басқаратын болды, ол осы тағайындалуға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешені комитетінің Оңтүстік Қазақстан аймақтық инспекциясының бастығы болып қызмет атқарды. Бұған дейін Түлкібас ауданын басқарған Ерғали Сарманов жақында қайтыс болған еді.

Қ.Әбдуалиевтің «ғалым-агроном» және «заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Жергілікті атқару органдарында, ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарды. 2004-2007 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Түлкібас ауданы аймақтық басқармасының бастығы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспецияның бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар