Оңтүстік Қазақстан облысы туристік кластерінің келешегі жақсы - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов

«Бұл жерде маңызды орындардың өте көптігі тарихи тұрғыда қалыптасқан. Біріншіден, әрине, облыс аумағына орналасқан Түркістан. Мен бүгін қабылданатын шешімнің келешегі зор деп ойлаймын», - деді К.Мәсімов.
Туристік саланы дамыту облыс басшылары үшін бірінші кезектегі міндеттердің қатарына жатады. «ОҚО-да мәдениеттің, сәулеттің тарихи ескерткіштері орналасқан. Бірегей кешендер бар - мысалы, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи, Отырар шұратындағы қалалар - Отырар, Алтынтөбе және Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан басқа да қалалар. Олардың базаларында қазіргі заманғы тарихи кешендер салуға болады», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев. Ол тарихи, зиярат, экология туризмдерін дамытудағы облыс басшыларының жоспарымен таныстырды.
К.Мәсімов «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының туристік бизнесті дамыту үшін жақсы ынталандыру болатынын атады. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көліктік дәлізі бойымен ұлттық туристік кластердің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуді «Тобыл», «Оңтүстік», «Жетісу» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өзіне алуы тиіс. Жергілікті билік көліктік дәліздің өн бойында жол бойы инфрақұрылымдар нысандарының құрылыстары үшін жер телімдерін бөлу және осы нысандар құрылыстарының үлгілік жобаларын әзірлеу мәселелерімен айналысуы тиіс, - деп атап айтты К.Мәсімов.