Оңтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам төтенше жағдайлар салдарынан 1034 адам зардап шекті - жыл қорытындысы

ШЫМКЕНТ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 2 мыңнан астам төтенше жағдайлар салдарынан 1034 адам зардап шекті. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Уәлихан Ережепов жылды қорытындылауға арналған кеңесте хабарлады.
None
None

«Бұл 2008 жылға қарағанда айтарлықтай төмен. Биылғы жылғы ең ірі төтенше жағдайлар - «Қазарсеналдағы» жарылыс, «Самал» базарындағы өрт, Сайрам ауданындағы Аламан арнасының жырылуы болды», - деді ол. Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, бұл оқиғалардың төмендеуіне департамент қызметкерлерінің сіңірген еңбегі аз емес.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров оңтүстікқазақстандық құтқарушылардың жұмыстарына оң баға берді. Ол Көксарай су тоспасы алғашқы партиясы құрылысының аяқталуын айрықша атады. «ТЖМ Президент қойған міндетті орындады, су тоспасы даяр және қаңтардың 1-інен бастап, егер қажет болса, 1 текше шақырым суды қабылдай алады», - деді В.Петров.

Соңғы жаңалықтар