16:34, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында «Әл-Фараби және Отырар өркениеті» ғылыми-практикалық конференциясы өтті
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы - Әбу Насыр Әл-Фарабидің отанында ұйымдастырушылар ежелгі заманғы ғалымның 1140 жылдығына орайластырылған «Әл-Фараби және Отырар өркениеті» ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.
Оның барысында Қазақстан, Сирия мен Түркиядан келген зерттеушілер шығыс философының мұрасын зерттеу саласында қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.
Жалпы, конференция өзара түсіністік жағдайында өткізіліп, оның танымдық мәні зор болғанын атап өту керек.