18:16, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында күші 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, 6 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында күші 4,3 балдық жер сілкінісі болды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.
Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында жерасты дүмпулері бүгін, Астана уақытымен 15 сағат 16 минутта тіркелді.
Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 42,08 градусында, шығыс бойлықтың 67,81 градусында анықталды. Тереңдігі - 5 шақырым.