16:14, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында күздік бидай себу өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 40,7 мың гектарға артық
ШЫМКЕНТ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында күздік бидай себу өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 40,7 мың гектарға артық.

Астық алқаптарын кеңейту облыстың ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру бағдарламасына енеді. Жоспар бойынша күздік бидай себу 185,7 мың гектарды құрайды.
Күзік бидай себу барлық аудандарда жүргізілуде, бірақ олардың қарқыны әзірге баяу. Диқандар жаңбыр болғанын күтіп отыр - дымқылы жоқ жерге себілген тұқымның өнімі де төмен болу мүмкін.