Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің 97 пайызы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алады

АСТАНА.  17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық «Қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және өнерді насихаттау» орталығында БАҚ өкілдерімен кездесу өтіп, онда Тілдерді дамыту басқармасының басым бағытты жұмыстары қорытындыланды.  
None
None

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

 Басқарма басшысы Б. Көмекбаеваның айтуынша, бүгінде облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 97 пайызы мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізе алады. Облыс тұрғындарының лингвистикалық капиталын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Облыста тұратын 717444 өзге ұлт өкілінің 83,4 пайызына өз ана тілінде білім алуға мүмкіндіктер жасалған. Тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау мақсатында республикалық және облыстық байқаулар мен форумдар ұйымдастырылып келеді.

Мемлекет басшысының «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыру мақсатында да елеулі істер атқарылып келеді.

Облыс әкімі А.Мырзахметов облыстық ономастика комиссиясына төрағалық еткелі бері тарихи атауларды қайта қалпына келтіру және топонимикалық атауларды сәйкестендіру бойынша қомақты жұмыстар атқарылуда.

«Облысымыздың 80 жылдығына орай ел тарихында алғашқы рет әкімшілік-аумақтық бірліктер мен геонимдердің электронды жүйесі қалыптасты. «Мекенжай тіркелімі» электронды ақпараттық жүйесіне 11 аудан, 4 қала, 186 ауылдық округ, 879 елді мекен, 9929 көше толығымен енгізілген. Нәтижесінде, Оңтүстік Қазақстан облысының көрсеткіші еліміз бойынша алғашқы болып, 100 пайызға жетті. Республика рейтингісі бойынша облысымыз 1- ші орында тұр», делінген баспасөз хабарламасында.

  

  

Соңғы жаңалықтар