10:34, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында «Шымкент-Самара» тас жолында жеңіл көлік пен бензовоз соқтығысып қалды
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Шымкент-Самара» тас жолында орын алған жол апатының салдарынан үш адам мерт болды, оның екеуі 7 және 2 жастағы балалар,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жол-көлік оқиғасы сейсенбі күні кешке трассаның 102-ші шақырымында болған. «Тойота» және «Зил» көліктері соқтығысып қалып, оқиға салдарынан өрт шыққан. Тағы бір адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Өрт сөндіріліп, жарылыстың алды алынды.