08:45, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатының салдарынан екі адам мерт болып, тағы төрт адам ауруханаға түсті
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза болып, тағы төрт адам ауруханаға түсті,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы сейсенбі күні сағат 11.44-те «Шымкент-Самара» тас жолының 174-ші шақырымында болды. «Ауди» және «ВАЗ» көліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, екі көліктің төрт жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.