Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданының әкімі қызметіне Уәлихан Қайназаров тағайындалды

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келген Уәлихан Қайназаров Сайрам ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов оның кандидатурасын Сайрам аудандық мәслихатында келіскеннен кейін бұл туралы өкімге қол қойды.
None
None

Уәлихан Қайназаров 1981 жылы Ленинград тау-кен институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

Ол облыс әкімінің көмекшісі, Түркістан қаласының әкімі, Шымкент қаласындағы «Шарапат» ЖШС және «Бостан-1» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 2002 жылдың қарашасынан Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығының орынбасары болды.

Ал бұған дейін Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарған Мұхит Әлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босады.

Соңғы жаңалықтар