Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеке тұрғын үй құрылыстарында қарапайым қауіпсіздік талаптары ескерілмейді - ТЖМ министрі

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың пайымдауынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеке тұрғын үй құрылыстарында қарапайым қауіпсіздік талаптарын ескеру қажет.
None
None

Бұл жайында ол бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңестен кейінгі брифингтке мәлім етті. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеке тұрғын үй құрылысына тоқталған министр «Ондағы үйлердің іргетасы өте төмен, сондай-ақ олар көбінесе саман кірпіштерден салынады», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған өңірдегі 89 үй зерттелді. Үйдің сыртқы қабырғалары суға төтеп берсе де, ішкі бөлмеаралық қабырғалар жарылып жатыр. Себебі, бұл үйлерде тиісті тұрақтылық нормалары ескерілмеген. «Атап айтқанда, ОҚО сейсмологиялық тұрғыда қауіпті. Сондықтан да ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері  агенттігімен жеке тұрғын үй құрылыстарын қарапайым нормаларды ескеріп қана жүргізуге рұқсат беруге тиісті түзетулер енгізу керек», - деп түйіндеді В.Божко.

Соңғы жаңалықтар