Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі түрік компаниясының өкілімен кездесті

Басқосуға облыс әкiмiнiң орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен аталған түрiк компаниясының өкiлi Алабажак Чинан қатысты. Екеуара әңгiмеде тараптар бауырлас елдердiң түрлi салалардағы ынтымақтастық жұмыстарын сөз етiп, алдағы уақытта да бұл үрдiстен жаңылмауға уағдаласты.
Оңтүстiк Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетiмен танысқан қонақтар облыс жетекшiлiгiне абаттандыру жұмыстарымен айналысатын «Эксперт пейзаж» компаниясының ландшафтты дизайн қызметiн ұсынды. Өз кезегiнде, аймақ басшысы аталған ұсынысты оң қабылдап, компанияның қызметiн облыстағы көрiктендiру жұмыстарына пайдалану үшiн облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен облыстық кәсiпкерлiк, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасына туризмдi дамыту бағыты бойынша тиiстi ұсыныс енгiзудi жүктедi.
Айта кетейiк, «Эксперт пейзаж» компаниясы Түркияның Анталия қаласындағы абаттандыру жұмыстарының 40 пайызын жүргiзiп келе жатқан белдi серiктестiк.
Айта кету керек, соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандар мен қалаларды абаттандыру мен көріктендіру жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Туристер мен басқа да қонақтар көп келетін Шымкент пен Түркістан қалалары жыл өткен сайын құлпырып келеді. Аймақтың дамуын қаласы мен ауылының көркінен-ақ байқауға болады.