Оңтүстік Қазақстан облысының бір ғана ауданында Жол картасы аясында жеті мектеп жөндеуден өтеді

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Жол картасының аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы жеті мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атап айтқанда, Турбат ауылдық округіндегі Октябрьдің 30 жылдығы атындағы мектеп пен «Еңбек» білім ұясы жөндеуден өтеді. Жаңабазар округінде де екі білім ошағы ? М.Әуезов атындағы және «Жылы бұлақ» мектептерінде жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Ал Жегерген, Шанақ және Қызылқия ауылдарында бір-бір нысан анықталған. Аталған мектептердің барлығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жұмыстарды жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл ауданға осы жұмыстардың барлығына 338 миллион теңге бөлініп отыр.
Соңғы жаңалықтар