19:07, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері барымташылар тобын қолға түсірді
ШЫМКЕНТ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Төлеби ауданында барымташылар тобы қолға түсті.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова хабарлады.Рейдтік шаралар барысында тәртіп сақшылары «ВАЗ-21099» машинасын тоқтатты, оның салонында бес адам болды. Үшеуі сол бойда қашып кетті. Машинаның жүк салатын орнын тексерген кезде одан ет табылды. «Оның мәнісін білгенде, түнде олар жайылымда жүрген екі жылқыны ұрлап, сойып алған, енді етті базарда сатуға алып шыққан беті екен», - деді С.Қаракөзова. Сол күні жедел топ мүшелері жылқы иесін де тапты. Ол шағымында «көкпарға» әзірлеп отырған жылқылар екендігін, олардың әрқайсысы 300 мың теңге тұратынын көрсетті. Бүгінде қарақшылардың бесеуі де қамауға алынды. Олардың бәрі де 1985-ші және 1984 жылғы жас жігіттер. Олардың Төлеби, Қазғұрт, Сайрам аудандарында мал ұрлаудың төрт фактісіне қатысы бар екені дәлелденді. Тергеу амалдары жүргізілуде.