Оңтүстік Қазақстан прокуратурасы 42,9 миллион теңгенің жалақы берешегін төлеттірді

ШЫМКЕНТ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы араласуымен облыстың 1 377 тұрғынының жалақы бойынша алашағы өндіріп берілді,
None
None

деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметінен.

Жұмыс берушілерден өндірілген берешектің сомасы 42,9 миллион теңгені құрап отыр. «Қазығұрт ауданы прокуратурасының ұйғарымы бойынша, «Таза су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 65 жұмысшыға 1,3 миллион теңге соманың берешегін төледі. Сол аудандағы «ЭСХ Қарабау» серіктестігі де ағымдағы жылдың ақпан айының жалақысы бойынша 104 адамның жалақысын жартылай төледі», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Шағала Мамынханқызы.

Сайрам ауданының прокуратурасы «ЮКМЗ» акционерлік қоғамынан 138 жұмысшының 2,9 миллион теңге сомадай жалақысын өндіріп берді. «Шағалакоммуналдықсервис» кәсіпорны 36 қызметкеріне 340 мың теңге соманың жалақы бойынша берешегін төледі. Ал Мақтаарал ауданында «Контал» серіктестігінің атына 120 жұмысшыға 1,3 миллион теңге сома жалақы берешегін төлеу туралы ұйғарым енгізілді. Серіктестіктің жауапты қызметкерлерінің үстінен әкімшілік іс қозғалып отыр

«18 сәуірдегі жағдай бойынша, әлі 9 кәсіпорынның жалақы бойынша берешектері сақталуда. 700-ден астам адамның 50 миллион теңгедей алашағы бар. Қазір прокуратура ол берешектерді мәжбүрлеп өндіру шараларын жүргізуде».-дейді Ш.Момынханқызы.

Соңғы жаңалықтар