Оңтүстік Қазақстан прокуратурасы өз батырларын құрметтеуде

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Жеңіс күні - қазақстандықтардың жүрегіне ыстық мереке. Ол өткен жүзжылдықтағы ең қаһарлы соғыста Отанының тәуелсіздігін қорғап қалған үлкен буынның ерлігін, айбынын және батырлығын бейнелейді. Оңтүстік Қазақстаннан шыққан прокуратура қызметкерлері де Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан.
None
None

Шәмші Абдуллаев және оның әріптесі Досмаханбет Төлегенов Жеңістің 65 жылдығын Оңтүстік Қазақстан делегациясының құрамымен Астанада қарсы алатын болады. Досмаханбет Төлегенов - 1945 жылдың маусымындағы Мәскеудің Қызыл алаңында өткен тарихи Жеңіс шеруінің қатысушысы. Оның майдангерлік өмірбаяны 1942 жылы Қызыл әскерге шақырылған 19 жасынан басталады. Ол соғыс бойы барлаушы қызметін атқарған. Ротаның барлығын марапаттады, Төлегеновты «Ерлігі үшін» алған екі медалінің қатарын толықтырған Қызыл Жұлдыз орденімен марапаттады. Ал Жеңісті ол Берлинде қарсы алған. Прокуратура органдарындағы қызметін Досмаханбет Төлегенов тергеуші, прокурор көмекшісі қызметтерінен бастаған. Киров, Сарыағаш, Шардара аудандарының прокуроры болған.

«Ерлігі үшін» үш медальдің иесі - Оңтүстік Қазақстанның тумасы, 16-шы Башқұрт дивизиясының 58-ші гвардия бөлімінде соғысқан Шәмші Абдуллаев. «Атты әскер майданның «қайнаған» нүктелеріне әскер жіберуде ең жылдамы болған», деп еске алады ақсақал. Днепр жағасындағы шайқаста 20 жастағы Шәмші Абдуллаев өзінің алғашқы марапатын - екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды. Батыр да жылдам сарбаз барлау ротасында қызмет етті. Ш.Абдуллаев бірнеше мәрте жау шебіне шыққан. Ол Берлинге дейін барып, рейстагта өз қолтаңбасын қалдырған. 1946 жылы ғана туған жері Арысқа оралған. Заң мектебін бітірген және өзінің қалған бейбіт өмірінде прокуратура органдарында жұмыс істеп, зор бедел мен құрметке ие болған.

Жеңістің 65 жылдығын майдангер-жауынгерлер үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері Әкімқара Есжанов пен Украинаны азат еткен Байзақ Есжанов аман-есен қарсы алады.

«Өкінішке орай, 65 жылдық мерейтойға біздің әріптестеріміз Әзімхан Файзиев, Әнуарбек Битасов, Арсыбай Сақов және Әуез Өтелбеков жете алмады. Батырларға мәңгілік даңқ пен тағзым!», - дейді Берік Құлтасов. Бүгінгі таңда ОҚО прокуратурасы өз батырларын құрметтеуде. Бүгін облыс прокуратурасының мәжіліс залында барлық ардагерлер мен олардың жесірлері шақырылған салтанатты жиын болады. Ардагерлер өмірі туралы видеофильм түсіріліп, сыйлық ретінде әр ардагер отбасына бір данадан табысталады.

Соңғы жаңалықтар