Оңтүстік Қазақстанда барымташылар тобы құрықталды

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан полицейлері Бәйдібек ауданында барымташылар тобын құрықтады,
None
None

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.

Жергілікті тұрғындардан белгісіз біреулердің қораларынан ұсақ және ірі қара мал ұрланғандығы туралы шағым-арыз түскеннен кейін іске кіріскен полицейлер, көп ұзамай барымташыларды ұстады. Ұрланған малдың жалпы құны 200 мың теңгеден астамды құраған.

«Бәйдібек ауданының тәртіп сақшылары жедел-іздеу шараларының барысында төрт күдіктіні қолға түсірді. Олардың барлығы - облыс тұрғындары. Әлгілердің бес рет мал ұрлағаны анықталып отыр. Күдіктілердің айтуынша, ұрланған малды олар Сайрам ауданының базарларына өткізіп келген», - деді департаментің баспасөз қызметінен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабы -«ұрлық» факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер абақтыға жабылды. Тергеу амалы жалғасуда. Полицейлер тергеу барысында бұл топтың басқа да қылмыстарға қатысы анықталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар