Оңтүстік Қазақстанда бірнеше базарға жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратылды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше базарға жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратылды,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының ішкі істер бөліміне Темір базары, Сапар базары, Ісмадияр базары, Әбен базары, Мырзакент ауылындағы Достық базары және Атакент ауылындағы Көбей ата базары аумағына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен.

«Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ», - делінген ведомство ақпаратында.

Төтенше жағдайдың алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметінің 281 маманы мен 22 техникасы, оның ішінде ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар