Оңтүстік Қазақстанда «Денсаулық жолы» акциясы басталды

Аясы тар мамандардан бес бригада жасақталды және олардың аудандарға сапарларының кестесі жасалды.
Дәрігерлер жоғары білікті мамандардан жасақталған бригадалардың алыс ауылдарға жасағалы отырған бұл сапары - ауыл тұрғындарына, басқа жаққа бармай-ақ, кеңестер алуға мүмкіндік беретінін атап көрсетуде.
«Барлық ауылдар заманауи диагностикалық аппаратуралармен жабдықталмаған. Аясы тар мамандармен де кадрлық проблемалар бар. Ауыл тұрғындары дәрігерге қаралу үшін ауданға, кейде тіпті облыс орталығына баруға мәжбүр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Медициналық бригаданың құрамына көз дәрігерлері, урологтар, эндокринологтар, гинекологтар, педиатрлар, хирургтар, онкологтар мен терапевтер, лор-дәрігерлер және облыстық салауатты өмір салты орталығының мамандары кіріп отыр.