17:32, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 184 жасөспірім жауапкершілікке тартылды
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектептегі құқықтық тәртіп» шұғыл алдын алу іс-шаралары жүргізілген үш күн ішінде кәмелетке толмаған 184 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке 81 ересек адам тартылды, 139 адам ішкі істер бөлімінде профилактикалық есепке қойылды, олардың 88-і кәмелетке толмағандар. Қолайсыз 51 отбасы анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.