16:48, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда қарақшылық шабуыл жасаған Қазақстан азаматы Португалияда ұсталды
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Оңтүстік Қазақстанда қарақшылық шабуыл жасаған Қазақстан азаматы Португалияда ұсталды»,-дейді Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз бүгін журналистермен болған брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қарақшылық әрекет жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері 39 жастағы Ербол Өтемісовке халықаралық іздеу жариялаған. Өткен аптада ол Интерпол ұлттық бюросының сұрауымен Португалияның Коймбр қаласында қолға түсті. «Аталмыш қаланың аппеляциялық соты Е.Өтемісовты экстрадициялау мақсатында қамауға алу туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда экстрадициялау мәселесіне қатысты құжаттар дайындалуда»,-деді министрлік өкілі.