Оңтүстік Қазақстанда мұндай су тасқыны 50 жылдан астам уақыт болмаған еді - облыс әкімі

Ол тасқын салдарынан зардап шеккен елді мекендерді аралап, олардың тұрғындарымен кездесті, гидротехникалық құрылыстарын, бөгеттер, суды бұратн арналарды, көпірлер мен қираған үйлерді қарап шықты.
«Ауа райы өзінің түзетулерін енгізді, Оңтүстік Қазақстандағы күннің күрт жылынуы үлкен судың таудан ағып, бірқатар аудандарда су деңгейлерінің көтерілуі басталды», - деді журналистерге С.Ахметов брифинг барысында.
Ол штабтың құрылғанын, төтенше жағдайдың алдын алуға 7 мың адамның жұмылдырылғанын, 350 техника бірлігінің, ТЖМ тарапынан - 350 қызметкер мен 40-тан астам техниканың жұмыс істеп отырғанын атап өтті.
С.Ахметовтың пікірінше, ТЖМ мен әкімдіктің Оңтүстік Қазақстандағы тасқынды ауыздықтау жөніндегі жұмыстары таяудағы апта ішінде жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда осындай жағдай соңғы рет 1956 жылы болған. Бүгінде облыстың барлық дерлік аумағында табиғи апат орын алып, тасқынға 9 аудан ұшыраған, бірақ алдын ала жүргізілген жұмыстың арқасында 226 елді мекеннің 55-і ғана әр түрлі дәрежеде зардап шекті.
«55 елді мекенде 428 үй зардап шекті, олардың 7-еуі қиратылған, 28-і бүлінуі мүмкін», - деп қосты А.Мырзахметов.
«Барлығы ұйымдастырылған, адамдарды орналастыратын жерлер бар, қонатын орындар, ыстық тамақ және барлық қажетті тұрмыстық жағдайлар қарастырылған. Бұл тұрғыдан сұрақтар туындамайды», - деді ОҚО-ның әкімі.