Оңтүстік Қазақстанда шегірткемен күрес жұмыстары жүргізілуде

112 мыңнан астам гектар алқапқа пестицидтер себіледі. Барлық жұмыс бюджеттің есебінен қаржыландырылып отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекциясының бастысы Дәулен Айтбай.
Шенеуніктің айтуынша, шегірткенің негізгі ошағы Сарыағаш ауданында, жайылымы қалың Сырдарияның оң жағында орналасқан. Шегірткемен күрес жұмыстары көрші Өзбекстанмен қатар жүргізілетін болады. «Өткен жылы Мақтаарал ауданында 5 гектардай мақта алқабы Өзбекстан жақтан келген шегірткеден зардап шеккен болатын. Осыған байланысты, біз өзбек тарапына сәйкес нота жолдадық. Биыл ол жақ та өз ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке қарсы өңдейтін болады», - деп атап көрсетті шенеунік.