15:33, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 факті анықталды
ШЫМКЕНТ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Браконьер» республикалық операциясының аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 факті анықталды.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Операция қазанның 19-ынан бері өтіп жатыр. Осы аралықта заңсыз аң аулаудың - 27 факті, балық аулаудың - 13 факті, заңсыз қару-жарақ алып жүрудің - 4 факті анықталды. Заң бұзушылардың үстінен 48 әкімшілік хаттама толтырылды», деп хабарлады депаратменттің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Созақ ауданының тұрғыны заңмен тыйым салынған сексеуілді отынға кескен. Әлгі азамат 3 текшеметрдей отынды көлігіне тиеп жатқан жерінде ұсталды.
Рейд шаралары қазанның 28-іне дейін жалғасады.