Оңтүстік Қазақстанда тоқыма кластері жаңа сапалық деңгейге шығуда

Осы мақсатта кәсіпорын басшылығы Италиядан тәжірибелі кәсіпқой Мартинелли Пьеранджелоны жұмысқа шақырып отыр.
«Мұнда өте сапалы өнім шығарыла бастады. Бірақ кәсіпорын басшылығы, оның деңгейін көтеру үшін технологиялық мазмұндағы бірқатар жаңалықтар енгізу керек деп санайды. Менің бұл салада тәжірибем мол, сондықтан да мені шақырып отыр. Қазір кәсіпорын шетелдік нарықта кеңінен сұранысқа ие болуы үшін өнімді жетілдірумен айналысуда», - дейді «Ютекс» акционерлік қоғамы тоқыма өндірісінің директоры М.Пьеранджело.
Бүгінде «Ютекс» отандық мақта өңдеудің толық технологиялық тізбегінен тұратын компания. «Біздің кәсіпорында мақтаны терең өңдеу технологиясы жолға қойылған», - дейді «Ютекс-kz» акционерлік қоғамына кіретін «Меланж» компаниясының директоры Шолпан Жарасова.
Ш.Жарасованың айтуынша, отандық мақта үйге арналған барлық тауар түрлерінің: киім-кешек, төсек жаймалары, сүлгі сияқты өнімдердің өндірісіне келеді. «Біздің мақтадан шығарылатын тауардың түрлері өте кең. Мысалы, біз қазір тігіссіз төсек жаймасына берілген еуропалық бір компанияның тапсырысын орындап жатырмыз», дейді Ш.Жарасова.
«Біздің кәсіпорын о баста экспортқа бағытталған болатын. Бірақ, біз қазір өз өнімімізді қазақстандық нарыққа шығару мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Біз отандық компаниялармен ынтымақтасуға, мемлекеттік тапсырыстар орындауға әзірміз», дейді Ш.Жарасова.