Оңтүстік Қазақстанда универсамдарға шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық полициясының қызметкерлері әмбебап дүкендерге қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан топты құрықтады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
None
None

Тамыз айының ортасында беттеріне маска киген белгісіз біреулер Шымкенттегі дүкендердің біріне басып кірген. Олар сатушыны қорқытып, төбеге оқ атқан, 100 мың теңге соманы қалталарына салып, оқиға орнынан іздерін жасырған.

«Жедел-іздеу шараларының барысында 20-23 жастағы төрт жергілікті тұрғын ұсталды. Олар өз кінәларын мойындады. Күдіктілерден 2 шолақ мылтық, маска және автокөлік тәркіленді», деп хабарлады Қ.Жұманов өз сөзінде.

Баспасөз хатшысының айтуынша, әлгілерге сондай-ақ, Шымкенттегі тағы бірнеше дүкенге және тамыз айының соңында Мақтаарал ауданындағы валюта айырбастау пунктінің қызметкеріне қарулы шабуылдар жасады деп күдік келтірілуде. Олар жәбірленушілерге жалпы есеппен 30 миллион теңгедей шығын келтірген.

«Ұсталғандар абақтыға жабылды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде», деп хабарлады ІІМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар